jasqazaq.kz

2025 жылғы ақпарат саласы: БАҚ-ты тіркеу, құқыққа қайшы контентпен күрес және телеөндірісті дамыту

21 шiлде 2025, 15:45

Еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі биылғы жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Медиа саланы дамытудың негізгі бағыттары төмендегідей: БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңіту мәселелері қарастырылады.
БАҚ-ты тіркеу
Республикада барлығы 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым (газет, журнал), 236 телеарна, 98 радио, 1 231 ақпарат агенттігі мен онлайн-басылым бар. 2025 жылдың I жартыжылдығында БАҚ реестрі жаңартылып, ел аумағында 140 БАҚ қызметін тоқтатып (59 газет, 62 журнал, 19 интернет-басылым), тіркеуден шығарылды.
«Құқыққа қайшы контент» таратуға қарсы шаралар
Жыл басынан бері интернет желісінен 74 130 заңға қайшы материал анықталып, олардың 36 667-і жойылған. Онлайн платформалардан 49 896 материал табылып, оның 12 433-і жойылды.
Ортақ жобалар
«Евразия» арнасы ресейлік «Первый канал» арнасымен бірлесіп, Қазақстанда «Аллигатор» атты 8 сериялы көркем сериал түсірді. Бүгінде «Qazaqstan» арнасы түркиялық «Kanal D» арнасымен бірге «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяны жарыққа шығармақ. «24KZ» арнасы Қытайдың CCTV‑4 арнасымен «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында Қазақстан жайлы «Ортақ үй» («Общий дом») атты деректі фильмнің премьерасын өткізді. «Хабар» арнасында «Ұлы дала мен Аспан асты елі: көршілер, серіктестер, достар» атты деректі фильм көрсетілді.
Халықаралық ынтымақтастық Euronews-пен серіктестік аясында «Modern Nomads» телевизиялық бағдарламасының 12, «East West Connect» 6, «Voices from Central Asia» 6 шығарылымы, «Focus» 3 репортажы әзірленді.
Сонымен бірге, 2025 жылдың наурыз-маусым айларында Euronews Academy білім беру жобасы бойынша Қазақстанда журналистика және медиаменеджмент бағыттарында 4 кәсіби курс ұйымдастырылды.
Тарату аясын кеңейту
«Сұр табақшалар» науқаны аясында шетелдік спутник құрылғыларына балама ретінде отандық спутник аппараттарын сатып алуға ынталандыру мақсатында субсидиялау бағдарламасы іске қосылды. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 300-ден астам құрылғы сатып алу құны субсидияланды. Жақын арада шекаралас аймақтарда тұрғындар 3 000-нан астам аппарат пайдаланады деп жоспарлануда.

JQ-Aqparat

24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания