jasqazaq.kz

2024 жылы әлеуметтік төлемдер мөлшері қандай болмақ?

21 тамыз 2023, 10:44

Еліміздің қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірледі. Атап айтқанда жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
— ең төменгі жалақы (МВт) – 70 000 теңге;
— айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңге;
— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
— ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
— базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.
Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 9,0% арттыру көзделген.

МӘМС төлеуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ы болады.

Әскери қызметкерлерге (шұғыл әскери қызметкерлерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерді төлеуге арналған ақшалай өтемақы мөлшері өзгермейді және 3 739 теңге болады.

Заң жобасы 4 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі