jasqazaq.kz

20 жыл шекара күзетіп, үйсіз қалды

14 қыркүйек 2016, 22:44

20 жыл бойы ел шекарасын қалтқысыз күзеткен қызметкерлер тұрғын үйге зар.  Шағым айтып келген бір топ шекара қызметінің зейнеткерлері құзырлы орган жауапкершіліктен қашып отырғанын айтады. Ал Шекара қызметі барлығы заң бойынша  дейді.

Бұл мемлекет қауіпсіздігі үшін елдің шетінде, желдің өтінде жүріп, зейнетке шыққан Шекара қызметінің ардагерлері. Барлығы да зейнет жасына келген соң қызметтік үймен біржолаға қош айтысқан. Олардың айтуынша, 2013 жылғы сот шешімі бойынша Алматыдан пәтер берілуі тиіс еді. Тіпті оған дейін басшылық 3 жыл ішінде пәтер берілетінін растайтын кепілдік құжат та берген.

МАНАТ ТҰРҒАЛИЕВ, Зейнеткер:

— Енді қазір не квартира, не ештеңе жоқ, без квартиры жүрміз қазір.

Офицерлердің кейбірі шекара күзетіп жүріп, денсаулығын құртып, мүгедек болып қалған.

БАҚТИЯР ҚАСЫМОВ, Зейнеткер:

— Өз басым 2007 жылы әскерде жүргенде жұмыс бабымен бұйрықты орындаймын деп тауда 15 адам  құтқарғам. Денсаулығымды құрттым. Қазір инвалид, екінші группадамын.

Наразы топ әскери қалашықтан кеткелі 3 жыл емес, 5 жыл өтсе де, бұйырған пәтер жоқ. Ал Шекара әскерінің өкілдері жаңа заң бойынша шағым айтқан азаматтарға үй берілу көзделмегенін айтады. Дегенмен шекарашылар заңға бұл өзгерту енгізілместен бұрын зейнетке шыққандықтан, 1993 жылғы жарғымен пәтер берілсін деген талап қойып отыр. Бірақ…

ЕРКІНБЕК САҒАДИЕВ, ҚР ҰҚК ШҚ Заң басқармасының қызметкері:

— Заңның талаптарына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелері мемлекеттің есебінен әскери қызметті өткеру кезінде ғана үймен қамтамасыз етіледі.

Осыдан тура бір ай бұрын Шекара қызметінің кері арыз түсіруіне байланысты болған Алматы горнизондық сот отырысында шекарашылар шағымы қайтадан негізсіз деп танылыпты. Азаматтар сот шешімінің бірде олай, бірдей бұлай өзгеруіне наразы. Уақытында мемлекет үшін жанын аямай тер төккен шекарашылар «Енді бізді керексіз қалған мүліктей далада қалдырып отыр» деп налиды.

31.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде