jasqazaq.kz

20 жастағы жігіт Сырдарияға батып кетті

30 маусым 2023, 12:10

Қызылорда облысында 20 жастағы жігіт Сырдария өзеніне батып кетті.
Төтенше жағдайлар қызметіне 20 жастағы жігіттің Сырдария өзеніне батып кеткені жөнінде хабар кеше кешкілік уақытта түскен. түсті.
«Аталған шақырту бойынша Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінен 4 құтқарушы, бір техника, үрлемелі қайық және 2 жинақ сүңгуір жабдығымен жұмылдырылды. Суға батқан азамат 2003 жылы туған, Қармақшы ауданы Ақай ауылында тұратыны белгілі болды. Жас жігіт «Болашақ» университетінің екінші курсында оқып жүрген. Сүңгуірлер 22.35-те іздестіру жұмысын аяқтады. Бұл жолы ешқандай нәтиже болған жоқ. Бүгін, 30 маусым күні 4.35-те іздестіру жұмыстары қайта жалғасты», — деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегі бойынша биылғы жылдың алты айында Қызылорда облысында 16 адам суға кетіпті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі