jasqazaq.kz

«20 пайыз салық төлесін». Кәсіпкер Сырымбет Тау бюджет бүйірін қампайтудың жолын тауыпты

27 ақпан 2025, 15:13

Кәсіпкер Сырымбет Тау салық органдарының назарын жұрттың депозитіне аударғысы келгендей. Аман Тасығанға берген сұхбатында ол осындай «тың» ұсыныс айтты.

«Бізде таза пайданың салық ретінде 20 пайызын алады. Неге депозиттен тапқан пайданың 20 пайызын алмайды? Әлем бойынша депозиттен салық алынады. Депозит жағдайы бар адамдардың сақтап жатқан ақшасы», — деді ол.

Сырымбет Таудың есебінше, жылына 5-6 трлн теңгені адамдар пайызымен алып жатыр. Сонда депозиттегі қаржының 20 пайызын салық төлесе, 1,5-2 трлн теңге үкіметке түсуі керек.

Дегенмен ақшасын депозитте сақтайтындардың барлығы Сырымбет Тау сияқты бай емес екенін айтқымыз келеді. Өткенде әлеуметтік желіде тараған «блогерлер тізімінде» оның да аты-жөнін көзіміз шалған. Кейін бұл мәліметті мемлекеттік кіріс комитеті теріске шығарғанымен, С.Таудың жанында 114 349 960 теңге деп көрсетілгені тегін емес. Салық қарызы емес, ақша айналымы болса да аз сома деп айта алмайсың.

Jas Qazaq

Фото: Inbusiness.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі