jasqazaq.kz

2-сынып оқушылары енді ағылшын тілін оқымайды (Видео)

11 сәуiр 2023, 23:47

Екінші сыныптарға жаңа оқу жылынан бастап шет тілі оқытылмауы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысы қоғамдық талқылауға салынды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл бастауыш сынып оқушыларына жүктемені азайту мақсатында істелініп отыр. Яғни министрліктегілер оқушылардың қазақ тілін жіті меңеруіне назар аударып отыр. Енді келесі оқу жылынан бастап 1-сынып оқушысы тек бір ғана тіл оқиды. Ал орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан қосылады. Бастауыш сынып оқушыларына «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып екіге бөлінеді. Бұл әр пәнге көбірек уақыт бөлу мақсатында енгізілмек. Бірақ түпкілікті шешім қабылданып, аталмыш өзгерістер оқу бағдарламасына әлі енгізілген жоқ. Түзетулер 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өткізілуге тиіс.

Гүлмира Құлсариева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің бас сарапшысы:

— Негізгі мақсат — оқушыларға жүктемені азайту. Сондайақ бірінші кезекте оқушылардың ана тілін үйренуіне баса назарын аудардық. 2023-2024 оқу жылынан бастап 10 және 11-сыныптарда ағылшын тілін үйрену бір сағатқа көбейтіледі. Яғни жаратылыстануматематикалық бағыттағы сыныптарда ағылшын тілі үш сағат, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда төрт сағат оқытылады.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура