jasqazaq.kz

2 күнде 45 мас жүргізуші ұсталды

16 қараша 2016, 15:09

mas

Қостанай полициясы 2 күнде 45 мас жүргізушіні ұстады. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында Қостанай облыстық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері алкогольді ішімдікке мас жүргізушілерді ұстады. Екі күндік операцияда тәртіп сақшылары облыс жолдарында 1125 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды аймақтық мекеменің баспасөз қызметі.  Бұл туралы ҚазАқпарат qostanay.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Жергілікті полиция қызметі айықпаған жүргізушілерді анықтаудан бөлек, қарсы жолаққа шығып кету, төтенше жағдай тудыру, құжатсыз көлік жүргізу секілді фактілердің де жолын кесті. «Операция барысында анықталған ең көп тараған жола жүру ережесінің бұзылуы қауіпсіздік белбеуін тақпай көлік жүргізу болды. Белбеу тақпай жүрген 2013 жүргізуші кездескен. Автокөлікті басқаруда ұялы телефонмен сөйлесу заң бұзу әрекеттерінің арасында екінші орында тұр. Аталған құқық бұзу әрекеті бойынша 133 оқиға тіркелді. Тағы 56 жүргізуші маневр жасаудың ережелерін бұзды, — деп атап өтті Қостанай облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Құрмет Мәжікенов. Операция аясында жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесі бойынша 44 құқықбұзушылық анықталған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде