jasqazaq.kz

192 адамнан 1 миллиард теңге арбап алған

26 сәуiр 2023, 15:37

Ақтөбе қаласында қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жолмен 192 адамнан 1 миллиард теңге қаржы үптеген адамға 6 жыл жаза тағайындалды.
Ақтөбе қаласының № 2 сотында аса ірі мөлшерде ақша жинап, қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айыппен іс қаралды. Іс материалы бойынша 1990 жылы туған сотталушы 2019 жылдың 01 желтоқсаны мен 2020 жылдың 22 ақпаны аралығында құқықбұзушылық жасады. Сот отырысы кезінде салымшылардың шығыны 825 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Прокурор судьядан сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. «Сот сотталушының шын өкінетінін, кәмелет жасқа толмаған баласын ескерді. Сот үкімімен сотталушы коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сонымен бірге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі. Қаржы пирамидасының жетекшісіне алданғандардың қатарында Ақтөбе облысының ғана емес, Атырау, Алматы қаласының да тұрғындары бар.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі