jasqazaq.kz

19 адам Сібір жарасын жұқтырды: Атбасарда екі ауыл карантинге жабылды

09 шiлде 2025, 10:19

Ақмола облысында 19 адам Сібір жарасын жұқтырды. Осыған байланысты Атбасар ауданындағы екі ауыл 15 шілдеге дейін карантинге жабылды. Күйдіргі анықталған бір науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, ауру мал Атбасар ауылынан жеті шақырым жердегі Магдалиновка мен Новомариновка ауылдарында жайылған. Мұнда Сібір жарасына шалдыққан малдардың көне қорымы болыпты. Қазір ауру малдардың көзі жойылып, қауіпті аумақ қоршауға алынды, дезинфекция жүргізіліп жатыр. Ет дүкендеріндегі өнімдерден сынама алынып, дерттің жоқ екені расталды. Министр мал иелері мен ветеринарларға жауапкершілік қатайтылатынын айтты.

Айдарбек Сапаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:  — Бұл малдар есепте болмаған. Вакцина уақытында салынбаған. Сондықтан мал иелеріне қатаң сұрақ болады. Малды бұлай ұстауға болмайды. Мал туды ма, бұзау туды ма, жеті күннен кейін құлағына сырға ілу керек. ол үшін бүгін автоматты түрде бізде база жұмыс істеп тұр. Бірақ кейбіреуі соны керек қылмайды. Қазірден бастап айыппұл салуды қатаңдатамыз, бәлкім екі есе көтереміз. Жауапкершілікке тартамыз.

Фото:depositphotos.com
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы