jasqazaq.kz

Жеңіл көлікке жылқы тиеген

11 желтоқсан 2024, 19:58

Қарағанды облысында жеңіл мәшинеге жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды,  деп хабарлайды  jasqazaq.kz. 

Polisia.kz жазғандай, Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікте жылқы болған. Көлік жүргізушісі — Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзінікі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады. Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды.  Полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр.

7 қазаннан бері өтіп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нұра ауданында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 37 дерегі анықталған. Оның 20 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
JQ-Aqparat

Сурет: polisia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі