jasqazaq.kz

17 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

06 қараша 2016, 5:35

20160429090745

Талдықорғанда қызмет бабында жіберген кемшіліктері үшін 17 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аттестациядан өтпей қалған 5 қызметкер жұмысынан босатылды. 1 адам жұмыстан шығарылды.

Ал қала көшелеріндегі бейнебақылау камераларының көмегімен 10 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркеліп, ашылды. Талдықорғандағы қылмыстық ахуал қалыпты. Жалпы көрсеткіш бойынша қылмыстар саны азайған. Бірақ бұрын істі болған азаматтар мен мас күйінде заң бұзушылардың қатары көбейіп отыр. Бұл туралы халық алдында 9 айдың қорытындысы бойынша есеп берген Талдықорған қаласының Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Талғат Бәзиев мәлімдеді. Талдықорған қалалық жергілікті полиция қызметінде штаттық бірлікке сәйкес 212 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде учаскелік полиция бөлімшелерінде – 55, Жол-патрульдік полиция ротасында – 101, ювеналды полиция тобында – 23, қабылдап-тарату орталығында – 18, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінде – 1, аппаратта 15 адам. Қала аумағында барлығы 7 учаскелік пункт іске қосылған, оның 2-уі ауылдық округтерде орналасқан. ЖПҚ бастығының айтуынша, есепті кезеңде қала бойынша 3471 қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 180 қылмысқа жоғары, бірақ бұл ретте қылмыс құрамы бойынша ауыр және аса ауыр қылмыс жасау 289-дан 263-ке азайған.

khabar.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде