jasqazaq.kz

165 шақырым магистральды газ құбыры салынады

10 тамыз 2023, 15:44

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара-Орал» магистральды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы мен оған іргелес аумақтар «Бұқара-Орал» және «Жаңажол-Ақтөбе» магистральды газ құбырларының үш желісі арқылы газбен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жыл сайынғы халық санының өсуі, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп орындарының салынуы газ тұтыну көлемі мен қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттырып отыр.

Премьер-Министр бұл мәселені шешу мақсатында Ақтөбе қаласына «Бұқара-Орал» магистральды газ құбырының жаңа желісінің құрылысы басталғанын атап өтті. Ауқымды жобаның жалпы құны 43,4 млрд теңгені құрайды. Сағатына 526,5 мың текше метр өткізу қабілеті бар 165 шақырым магистральды газ құбыры салынбақ. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
«Жаңа газ құбыры Ақтөбе қаласының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және 3 трлн теңгеден астам сомаға 17 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осындай ірі жобаларды салу кезінде отандық компоненттер мен материалдарды пайдалануды арттыру қажет екенін атап өткім келеді», — деді Әлихан Смайылов.


Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұдан кейін Үкімет басшысы еліміздің оңтүстігінен Ресейге өтетін транзиттік дәліздің бір бөлігі «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолы учаскесін аралап көрді. Бұл учаскеде көлік қозғалысы бір тоқтамайды: күніне шамамен 16 мың көлік, оның ішінде 4 мың жүк көлігі өтеді. Бірақ жолдың бүгінгі жағдай халықтың наразылығын тудыруда. Жағдайды түзету мақсатында биыл жолды жамау/шұңқырды жөндеу, тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолын I техникалық санатқа ауыстыра отырып, кешенді түрде күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, бұл жол төсемінің сапасын күрт жақсартып, көлік қозғалысын арттыруға мүмкіндік береді. Автожолды күрделі жөндеу кезінде 262 шақырым жол қазіргі екі жолақтыдан төрт жолақтыға дейін кеңейтіледі. Сондай-ақ жоба аясында 202 су өткізгіш құбыр, 23 мал өткелі, 18 көпір және 12 айналма жол салу және күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы: «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын тас жолы мен Қызылордаға апаратын жол – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Көліктердің көп екенін көріп отырмыз, сондықтан жолды кеңейтіп, сапасын жақсарту керек. Индустрия министрлігіне тиісті тапсырма берілді, енді бұл жолдарды күрделі жөндеуге кірісу керек. Кейінгі жылдары олардың сапасын тиісті деңгейде сақтау қажет», — деп жергілікті маңызы бар жолдарға да назар аудару қажеттігін атап көрсетті.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее