jasqazaq.kz

16 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде

08 қараша 2016, 13:05

20161108125007

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен мектеп 16 жастағы оқушысы іздестірілуде, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің дерегі бойынша 16 жастағы Нұрайлым Құлмағанбетқызы Сұлтанованың жоғалғаны жөнінде аудандық ІІБ-не қыздың әкесі хабарласқан. «Әкесінің сөзіне қарағанда, 5 қараша күні таңғы уақыт 09:00-дерде қыз сабаққа аттанып, кейін үйіне оралмаған. Туысқандары тәулік бойы өздері іздестіріп, еш нәтиже шықпаған соң полицияға хабарласқан. Қазіргі кезде, арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған қызды Астана қаласы мен көрші аудандар аумағында іздестіруде. Сондай-ақ, Нұрайлымды көруі мүмкін деген туыстары, таныс және достары анықталып, сұрастырылуда», — дейді полицейлер. Нұрайлым Құлмағанбетқызы Сұлтанова: бойы 170 см, дене бітімі орташа, ақ құба, шашы ұзын қоңыр түсті, қой көзді, мұрны тік, тістері бүтін. Денесінде жара тыртықтар мен туа біткен қалдары жоқ. Үсіне киген киімі: тоқылған қоңыр түсті бас киім, көк түсті балон куртка, көк түсті джинсы шалбар, қара түсті шолақ қысқы етік және алқызыл түсті жейде.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде