jasqazaq.kz

16 жасар оқушы есірткі жасырып ұсталды (Видео)

14 қыркүйек 2023, 14:19

Орал қаласында синтетикалық есірткі затын сату үшін жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жасар оқушы ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған қылмыс республика аумағында 1 маусым мен 31 қазан аралығында өтіп жатқан «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ашылды.

БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан Орал қаласындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқитын 16 жасар жасөспірімді қолға түсірді.

«Оқушы қылмыс үстінде ұсталды, оны жеке тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған, жасыл түсті изолентамен оралған 2 қаптама табылып, тәркіленді. Оның ұялы телефонын тексеру кезінде жасыру орындарының координаттары анықталды, соның көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған, жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді. Сараптама тексерісі бойынша тәркіленген заттың салмағы 20,18 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екенін анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», деп хабарлады ведомстводан.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткі қылмысына қатысты 94 құқық бұзушылық анықталып, соның ішінде 44 қылмыс пен 55 қылмыстық әрекет анықталды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі