jasqazaq.kz

16 млн теңге жымқырған спорт мектебінің қызметкерлері сотталды

10 қараша 2023, 10:54


Жамбыл облысы Меркі ауданы прокуратурасы №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лауазымды адамдары қызметтік жағдайын пайдаланып, басқа да тұлғалардың көмектесуімен аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтады.
Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық әрекеттері жастар арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын тексеру нәтижесінде әшкереленді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аудару арқылы жымқырғаны анықталды.
Яғни, 2020 жылдың 29-шы ақпанында №16 Спорт мектебі макеттер жасау және металл құрылғыларын дайындау үшін жалпы құны 2 млн теңгеден асатын соманы жеткізушіге төлеген, алайда соңғы аталған жұмыстарды мүлдем орындамай, бюджет қаражатын №16 Спорт мектебінің лауазымды тұлғаларының өтініштері бойынша қолма-қол ақшаға айландырған және өзінің қызметі үшін жалпы соммадан 10% алып отырған.
Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 16 млн теңгеден астам соманы құрады.
2022 жылдың 10-шы қазаны күні бұл фактіні Меркі ауданы прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін тіркеп, облыс прокуратураның Сотқа дейінгі тергеу басқармасы тергеді.
Тергеп-тексеру нәтижесінде 7 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.
2023 жылдың 3-ші қарашасы күні Меркі аудандық сотының үкімімен №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен бұрынғы директоры бас есепші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және 4 көмектесуші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып 2 жыл 6 айға сотталды.
Қылмыстық іс бойынша 6,7 млн теңге келтірілген шығын өтелді.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры