jasqazaq.kz

1348 «резеңке пәтерде» 36 мыңға жуық адам тіркелген

20 қыркүйек 2024, 14:05


Бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Аслан Аталықов «резеңке пәтерлер» мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерді жалған тіркеудің ең көп саны республикалық маңызы бар үш қалада анықталды.
Аслан Аталықов:
«Жалпы еліміз бойынша 1 348 резеңке пәтер анықталды, онда 36 мыңға жуық адам тіркелген. Тіркеусіз тұрғаны үшін 200 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың арқасында «резеңке» пәтерлер саны азайып келеді».
ІІМ өкілі пәтерге жалған тіркеудің заңсыз екенін ескертті. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

JQ-Aqparat
Сурет: ortcom.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі