jasqazaq.kz

130 баланың өмірін сақтап қалған азамат ел есінде

14 қыркүйек 2024, 20:10

Qazaqstan Ұлттық арнасында тұсауы кесілген «Жақсылық жаса» бағдарламасының алғашқы кейіпкері – марқұм Қайрат Жұмабековке арналды. BAQ.KZ жазғандай, Қайрат Жұмабеков осыдан 16 жыл бұрын Астанадан Қарағандыға қайтып келе жатып, жол көлік апатына түсе жаздаған 3 автобус толы баланы аман алып қалып, өз жанын қиған полиция қызметкері еді.
2008 жылдың 20-сыншы мамыры болған оқиға көптің есінде. Елордаға экскурсияға балаларды апарып Қарағандыға қайтып келе жатқан 3 автобуспен бірге патрульдік машина келе жатады. Кенет жеңіл көлікке соқтығысқан КамАЗ балаларға қарай бағыт алады. Қызметтік көліктегі сержант Қайрат Жұмабеков қас- қағым сәтте полиция машинасын ауыр көлікке бұрып, соққыны өзіне алып автобустағы оқушыларды қорғап қалған.
Ауыр соққыдан Қайрат Жұмабеков оқиға орнында қаза тауып, қасындағы серігі Дмитрий Пугач аман қалған болатын.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі