jasqazaq.kz

13 тамызға арналған Рио-2016 кестесі

13 тамыз 2016, 2:56

13 тамыз күні, Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар бірнеше спорт түрі бойынша сынға шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Таңғы сағат 04:00-де «Риоцентро» кешенінде ауыр атлетикадан сайыстар басталады. Жарыс жолына 85 келіге дейінгі салмақта спортшылар шығады. Қазақстан намысын Денис Ұланов қорғайтын болады. 2016 жылы сәуір айында ол ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанса, 2015 жылдың желтоқсан айында Грозныйда өткен халықаралық турнирде күміс медаль еншілеген. Біздің құрамада аты танылмаған Денис Ұланов Алексей Нидің жасырып отырған көзірлерінің бірі болуы қытимал.

Кешкі сағат 18:40-та Олимпиада стадионында жеңіл атлетикадан сайыстар өтеді. Үш аттап секіруден біздің құраманың майталман спортшыларының бірі, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар Ольга Рыпакованың ізбасары Ирина Литвиненко да осы сында бақ сынайды.

20:00-де Қазақстан жанкүйерлері боксшы Олжас Сәттібаевтің өнерін тамашалай алады. Қазақстандық боксшы үшін бұл алғашқы Олимпиада, ал оның қарсыласы пуэрториколық Джевьер Синтрон Окасио Лондон Олимпиадасында ойқастаған өреннің бірі және үлкен тәжірибеге ие. Қай жеңгені Рио Ойындарының 1/8 финалына жолдама алады.

Біз үшін таңсық спорт түрі бар, ол — батутта секіру . «Жеке секіру» сайысы 2000 жылдан бастап Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Біздің елдің атынан бұл сынға шымкенттік спортшымыз Пирмаммад Әлиев шығады. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада жолдамасын ол Рио-де-Жанейрода өткен лицензиялық турнирде жеңіп алған еді. 2015 жылдан бері спортшы Америка Құрама Штаттарында жетекші маман Дмитрий Поляруштың қол астында дайындалуда. Қазіргі уақытта Пирмаммад еліміздің бас бапкері Сергей Вертянкиннің жетекшілігімен қатысып отыр. Олимпиадалық жарыс Астана уақытымен 23:03-те басталады. Әлиевпен қатар бұл додада әлемнің өзге де мемлекеттерінен 16 спортшы қатысады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде