jasqazaq.kz

12 мектептен 500 миллион теңге жымқырған

07 маусым 2023, 14:57

Еліміздің білім саласында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, мемлекет қаржысын жымқыру азаймай тұр. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев өзі басқаратын өңірдегі бір ауданның 12 мектебінің есеп-шотынан 500 миллион теңге жымқырылғанын айтты. «Біз құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге білім саласындағы көп тексеру жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда бір ауданның өзінде 12 мектепте 500 млн теңгеден астам қаржы жымқырылғаны белгілі болды. Сол бойынша қазір іс қозғалды. Тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Шешім қабылданады. Ревизиялық комиссия және бар. Осылар қазір жұмыс істеп жатыр. Білім саласында, денсаулық сақтау саласында, бүкіл салада осындай жұмыс жүргіземіз. Мысалы, қазір қоғам белсенділерінің қатысуымен балабақшаларда рейд жасалып жатыр. Шынын айту керек, мемлекеттен 100 балаға, 150 балаға тапсырыс алып жатыр. Ал барып қарасақ, онда 100 баланың орнына 60-70 бала жүреді. Осыны да анықтап жатырмыз. Мұндағы мақсат – бюджеттің қаржысын барынша үнемдеу, ысырапшылдыққа жол бермеу, қаражатты ең өзекті деген мәселелерге бағыттап, халықтың ұсыныс-тілегін орындау», — деді Қызылорда облысының әкімі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі