jasqazaq.kz

11 мыңнан астам отбасыға жалдау ақысы субсидияланады

23 мамыр 2025, 13:17

Бүгін ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Оның сөзінше, 2022 жылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалдау құнының 50%-ы субсидияланады.
«Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам отбасы тұрғын үйді жалға алғаны үшін 50% төлеу бойынша мемлекеттік қолдауға ие», — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Сонымен қатар, әкімдіктер мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаттарын береді.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында әкімдіктермен жалпы сомасы 580 млн теңге сомасына 522 сертификат берілді», — деді комитет төрағасы.
Бұдан басқа, кезекте тұрғандарға 2% және 5% мөлшерлемесі бойынша жеңілдікті несиелер беріледі. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін — 7%, азаматтардың қалған санаттары үшін — 9% пайыздық мөлшерлемемен «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.
JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы