jasqazaq.kz

11 мың әйел алимент төлемей жүр

31 қазан 2024, 12:26

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында алимент борышы туралы ресми статистиканы атады.

«Бүгінгі таңда республика бойынша сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 322 мың атқарушылық іс бар. 322 мың атқарушылық іс бойынша 311 мыңнан астам борышкер ер азамат болса, 11 мыңнан астам борышкер әйел бар. Биылғы 9 ай ішінде 33 млрд теңге сомасына 25 мың өндіріс проблемалы болып танылды. Яғни борысшкерлер алименттерін тұрақты түрде төлемейді. Дегенмен Әділет министрлігінің атқарған ауқымды жұмысының нәтижесінде биыл 7 млрд теңге сомасына алимент бойынша берешек өндірілді. Алимент туралы өндірістердің 95,6%-ы бойынша өндіріп алу ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметтері арқылы жүзеге асырылады», — деді ресми өкіл.

Ресми мәлімет бойынша, сот орындаушылары алимент берешегі бар 7 мыңнан астам борышкердің елімізден шығуына уақытша шектеу қойған. Жалпы жыл басынан бері 3 484 борышкер әкімшілік, 291 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі