jasqazaq.kz

108 жыл бұрын туған сиырға субсидия берілген

11 желтоқсан 2024, 14:28

Бүгін Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы аудит қорытындысы талқыланды.

Осы мәселеге қатысты депутат Бақытжан Базарбек «қызық» мәлімет келтірді: «Субсидия жымқыру тәсілдерінің шектен шыққан сонша, 1299 айлық ірі қараға субсидия төлеу фактісі анықталған. Бұл 108 жыл деген сөз. 1917 жылдың наурызында туған мал деп келтірген. Басқаша айтсақ, әкімдіктер Амангелді Иманов көтерілісі басталардан екі жыл бұрын туған сиырға субсидия берген», — деді ол.

Әлихан Смайылов бұл деректің аудит кезінде анықталғанын айтты. «Ондай дерек шынымен де бар, ол аудиторлық қорытындыдан алынып отыр. Кейбір ауыл шаруашылыығы құрылымдары тиісті мөлшерден жоғары көлемде субсидия алғаны туралы фактілер бар. Бір іс-шараға екі мәрте субсидия алу деректері кездеседі. Өкінішке қарай, бұл деректердің бәрі ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың талапқа сай болмай тұруымен байланысты», — деді ол.

JQ-Aqparat

Фото: eldala.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі