jasqazaq.kz

100 жылу батареясын ұрлап қолға түсті

15 желтоқсан 2023, 10:08


Елордада 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған азамат ұсталды. Polisia.kz хабарлағандай, Астана қаласында ұрлық жасады деген күдікпен ер адам құрықталды. Белгілі болғандай қаладағы ЖШС-нің бірінің басшысы Сарыарқа АПБ полиция бөліміне хабарласып, серіктестік аумағынан шойын батереялардың жоғалғандығын айтып, жүгінген. Қазіргі уақытта 93 жылыту батареясын ұрланғандығы анықталып, шығын мөлшері есептеліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғынын анықтады. Анықталғандай ол бұрын осы серіктестікте жұмыс жасаған. Сондықтан жылу батареяларының қайда орналасқанын және қай уақытта алып шығу ыңғайлы екенін жақсы біліп, қылмысын жоспарлы түрде жасаған. Қолға түскен жігіт жылу батареяларын металл қабылдау орындарына тапсырып, алған қаражатты өз қажеттігіне жұмсаған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі