jasqazaq.kz

100-ге жуық талапкер магистратураға түсу мүмкіндігінен айырылды

31 шiлде 2023, 16:24

Магистратураға қабылдаудың тестілеу сынағы басталғалы 23 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 73 балл. Ең жоғары балл – 130.

Тестілеу басталғалы 149 қатысушының нәтижесі жойылды.

Оның ішінде 92 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 57 адам шығарылып, олардың да нәтижесі жойылды.
«Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған шаралар арқасында тестілеуде бөгде тұлғалар анықталған жоқ», — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 43 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 22 шілдедеден 10 тамызға дейін жалғасады.
Биыл магистратураға түсу ережесі өзгерген жоқ. Кешенді тестілеу үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тесттен босатылады.
Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда онлайн апелляцияға беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде оқуға түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қаралады.
Тестілеу сертификаты оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Шекті балл да өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік бағыт бойынша 50 балл жинау қажет.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста