
Оралда 83 жастағы зейнеткер он жылдан бері үйінен қоқыс шығармаған. Бұл туралы кейуананың қоқысқа толы үйін көрген көршілері хабарлады. Кемпірдің көршісі Мария Ефремова былай дейді, Валентина Дубовская бізді ешқашан табалдырығынан аттатқан емес. Ол тек есіктің арғы жағынан ғана сөйлесетін. Үйінің ішінде не болып жатқанын бізге беймәлім . Ол кісінің үйден мүлдем шықпай қойғанын біліп, полиция қызметкерін шақырттық.
Валентина әжей қазір айналасы қоқысқа толы кереуетінде жатыр. Айналасында мысық пен күшіктері жүр. Олар бірнеше күннен бері аш жүр. Ал әжей аяғынан тұра алмайды.
