jasqazaq.kz

10 балдық кептеліс: Ерболат Досаев мәселені шешу жолдарын айтты

18 желтоқсан 2024, 13:55

Сурет: Алматы әкімдігі

Бүгін ОҚК көшпелі баспасөз конференциясында Ерболат Досаев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

КТК телеарнасының тілшісі күндіз сағат 4-тен кейін 10 балдық кептеліс басталатынын айтып, шаһар басшысынан бұл мәселенің қалай және қашан шешілетінін сұрады.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматы көшелерінде күн сайын бір миллион машина жүреді. 1 қазандағы статистикаға сәйкес, 635 мың автокөлік қала тұрғындарына тиесілі болса, сырттан 400 мыңдай машина келеді.

Қала әкімі: «Дұрыс транспорт каркасын құрмасақ, мәселе шешілмейді. Алдымен қоғамдық көліктің мәртебесін көтеру керек. Биыл бірінші рет қоғамдық көлікпен жүру көрсеткіші 33 пайызға көбейді, яғни күніне 1,6 млн адам қоғамдық көлікке мінеді. Автобустарды жаңартып, троллейбус санын көбейтіп, жаңа маршурттарды ашқаннан кейін жағдай біршама түзеліп қалды. Метро құрылысында батыс пен шығысты қоссақ, ЛРТ бар, одан кейін көліктен көлікке ауысып мінетін хабтарды салу керек. ГРЭС қасына бір, Құлжа трассасы жанына бір хабты ашса, сырттан келетіндер машинасын қалдырып, қалаға кіреді. БАКАД ашылды, енді оған шығатын жолдар керек. Қазір көбісі Әл Фарабимен жүреді. Жалпы алты радиалдық жол болуы керек, біреуін салып бітірдік, екеуі бітейін деп қалды. Одан кейін үшеуін бітірсек, сырттағы көліктер қалаға кірмей, бірден БАКАД-қа шығар еді.  2025-2026 жылдары мәселені шешеміз деп ойлаймыз», — деді.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі