jasqazaq.kz

1 қаңтардан бастап оң рульді машиналар такси бола алмайды (Видео)

20 тамыз 2024, 13:02

Елімізде оң рульді машиналармен жолаушы тасымалдауға тыйым салынбақшы. Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында көлік министрі Марат Қарабаев осылай деді.

Оның айтуынша, 1 қаңтарға дейін такси агрегаторлары көлік құралдарын тексеріп, оң рульді машиналарды такси ретінде тіркеуден бас тартады.

«Сондай-ақ елімізде рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған машиналар бар. Олар да адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан 1 қаңтарға дейін Индрайвер мен Яндекс ондай көліктерді анықтап, тіркеуден алып тастауы тиіс», — деді министр.

Оған қоса, ішкі істер министрлігі жол-көлік ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің тізімін жасайды. Олар да такси қызметін көрсетуден аластатылады. Марат Қарабаевтың айтуынша, мұның бәрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек.
Көлік министрлігінің мұндай қатаң шараларды қолға алуына өткен демалыста Жамбыл облысында болған жойқын жол-көлік апаты түрткі болғаны белгілі. Бірақ осындай қатаң шара қабылдау үшін міндетті түрде адам өлімі болуы керек пе?

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kazakhpress.kz

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі