jasqazaq.kz

«1 билет – 600 мың теңге»: Нұрлан Еспановтың ұлы «Қайрат-Реал» матчына билет сатып, көпшіліктің ашуына тиді

30 қыркүйек 2025, 11:09

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов Алматыда өтетін “Қайрат-Реал” матчына билет сатамын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ұлы бірнеше билет сатып алған.

“Бір билет бағасы – 600 мың теңге. 500 мыңдық билеттер де бар. Билеттер қайта сатылымға шықты. Саудасы бар аз-маз. 34 сектор, 9 қатардан екі билет бар. Әрқайсысы 500 мың теңгеден болады. “Қайрат” клубының мүшелеріне шақыру билеттер. ЖСН жазып керек емес, сканерлеп өте бересің”, – деп жазды Олжас.

Одан кейін Сәкен Майғазиевтің ұлы да билет сататынын жариялады.

“9, 14, 1, 8 қатарлардан билеттер бар. 350 мың теңгеге беремін. Тездетіп жекеме жаза қойыңдар”, – деп жазды Әділет Майғазиев.

Қос әншінің ұлдарының әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды.

“Мына жерде 20 билеттей бар. Бұл дұрыс па?! Нұрлан Еспановтың ұлы кешеден бері сатуға шығарып жатыр. Сайт жұмыс істемей ала алмай қалып едік, мыналар 20 билетті қайдан алып отыр?! Барлығымыздың құқығымыз бірдей емес пе?! Енді біз осындай алыпсатарлардан алуымыз керек пе?! Кеше Нұрлан Еспанов тегін билет сыйлаймын деп жатыр еді. Елге танымал адамдар халыққа жаны ашымайды, басқадан не күтеміз?!”, “Полицияға арыз түсіру керек”, “250 мыңның билетін 1 миллион теңгеге сатып, пайда көріп жатыр”, “Сәкеннің ұлы да ақша жасап қалып жатыр”, “Осындай адамдар көгерген нанды да 10 есе бағаға сатады”, “5 сағат отырып, бір билет алдық”, – деп жазды көпшілік.

14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін