jasqazaq.kz

1,4 миллион гектарға дән себілді

11 мамыр 2023, 10:20

Елімізде көктемгі егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі бүгінге күнге дейін 1,4 миллион гектар жерге дән себілгенін мәлім етті.
Биыл 23,4 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, жемшөп дақылдарының, сондай-ақ қант қызылшасының егіс алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр. Әлеуметтік маңызы бар күнбағыс, көкөніс-бақша, картоп және қарақұмық алқаптары да ұлғайтылады.
Айта кетейік, тұқым себу 100% жүзеге асырылды. Фермерлер 2,3 млн тонна көлемінде тұқым қорын қалыптастырды. Сондай-ақ, өңірлерде қоймаларда тұқым қоры қалыптасты. 2023 жылға жергілікті бюджеттерде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 млрд теңге қарастырылған.
Бүгінгі таңда өңірлерге бөлінген 419 мың тоннадан 284,4 мың тоннаға жуық жеңілдетілген дизель отыны жөнелтілді. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, фермерлер үшін республика бойынша орташа баға нарықтық бағадан үштен біріне арзан және литріне 204 теңгені құрайды.
Жалпы, «Кең-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 140 млрд теңге қарастырылған, ол шамамен 2 млн га алқаптағы егінді жинауды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта фермерлерге 133,8 млрд теңге төленді.
Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасын жалғастырып, ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тауарлық кредиттер беруді бастады, оған кемінде 70 млрд теңге көзделіп отыр.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты