jasqazaq.kz

1,1 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырғандар жазаға тартылды

03 желтоқсан 2024, 9:28

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған 358 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өңірдің лауазымды тұлғаларына және «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қатысты сметалық құнын арттыру, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы қаладағы жылу желілері мен электр беру желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге  бөлінген 1,1 миллиард теңгеден астам бюджет  қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Сонымен қатар, күдіктілер лауазымды адамдар ұрланған қаражатты жылыстату үшін «қолма-қол ақша жасаушылар» тобын тартты. Олар 7 пайыз мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға ресімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер туралы жалған құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыс актілері, шарттар) ұсынды.
Параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүліктер, атап айтқанда, Шымкент және Астана қалаларындағы 2 пәтер, 1 тұрақ орны, Шымкент қаласындағы 3 жеке үй және банк шоттарындағы тыйым салынған 50 миллион теңге анықталып, тәркілеу мақсатында сот санкциясымен тыйым салынды.
Сот үкімімен жеті айыпталушы 2 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі