jasqazaq.kz

Жоғары аудиторлық палата ғылымға бөлінген 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықты анықтады

11 қараша, 11:23

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы ғылым саласында мемлекеттік қаражат пен активтердің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитті аяқтады. Тексерудің негізгі нәтижелері Құрылтайдың жалпы отырысында қаралды, — деп хабарлайды jasqazaq.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудит нәтижелері бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 79 жобаға іске асыру шығыстары егжей-тегжейлі нақтыланбастан 62 млрд теңге бөлінгенін анықтады. Қорытынды есеп қабылданбаған жағдайда да бөлінген қаражаттың басым бөлігі орындаушыда қалады: жобаны қорытынды бағалауға дейін оның құнының 96-98%-ы төленіп қояды.

«16 млрд теңгені құрайтын 176 жоба бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының мониторингі жобалардағы кемшіліктерді анықтағанымен, тиісті шешімдер қабылдауға негіз болмаған. 2025 жылы мониторинг 2 мыңнан астам ғылыми жоба мен коммерцияландыру жобасын қамтып, 3 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталған. Алайда ұлттық ғылыми кеңестер бұл мәселелер бойынша тек ақпаратты назарға алумен шектелген», — деді Палата төрағасы.

Оның айтуынша, ғылымның нәтижелілігі көбіне жарияланымдар, қорғау құжаттары және нәтижелерді өндіріске енгізу актілері сияқты формалды өлшемдер арқылы бағаланады. Алайда мұндай көрсеткіштер технологиялық, өндірістік немесе өзге де қолданбалы нәтижеге қол жеткізілгенін растамайды.

Қолданыстағы модельде ғылыми жоба іс жүзінде есеп тапсырумен аяқталады. Ал алынған нәтижелердің кейіннен қалай қолданылатыны жүйелі түрде қадағаланбайды. Атап айтқанда, аудит іріктеп тексерген 60 патент бойынша оларды пайдалану жөнінде келісімдер жасалмаған.

Әлихан Смайылов атап өткендей, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру ғылыми циклдың әлсіз буын болып отыр. Ғылым қорының деректері бойынша коммерцияландыру көрсеткіші 44%-ды құраған. Алайда есепті жыл бойынша бірыңғай әдістемемен есептегенде бұл көрсеткіш небәрі 16%-ға тең екені анықталды.

«Нақты нарықтық әсер де шамалы. Аяқталған 141 жобаның ішінде небәрі 38 жоба немесе 27%-ы ғана соңғы 3 жылда өнімді тұрақты түрде сата алған. Қаржы көлемі 22 млрд теңге болатын қалған 103 жоба өнім өндіру мен сату көлемі бойынша күткен нәтижелерге қол жеткізбеген», — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Аудиторлардың пікірінше, жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ-ға 1% қаражат аудару тетігі де қолданбалы ғылымды дамытудың толыққанды құралына айналмаған. Бұған міндеттемелердің орындалуын бақылаудың әлсіздігі және түскен қаражаттың ғылыми айналымнан тыс мақсаттарға, атап айтқанда депозиттерге, бағалы қағаздарға және РЕПО операцияларына бағытталуы себеп болған.

Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысына сәйкес, ғылыми жобаларды қаржыландырудан бастап, олардың нақты нәтижелері мен өндіріске енгізілуіне дейінгі бүкіл кезеңді тиімді бақылау үшін басқару процестерін толық цифрландыру және қаражаттың қозғалысы мен жобалардың орындалуын толық қамтитын бірыңғай есепке алу жүйесін енгізу қажет.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, сонымен қатар 47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған мен пайдаланылған.

36 факті бойынша материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Тағы 3 факті бойынша аудит материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылданды.

«Аталған мәселелер бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар беріліп, жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктелді. Бұл жұмыстардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

Сурет: Жоғары аудиторлық палата

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді