jasqazaq.kz

Жоғары аудиторлық палата газ саласында 24,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықты анықтады

06 қараша, 11:13

Жоғары аудиторлық палатада газ саласына жүргізілген аудит қорытындылары қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz .  
Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатасының отырысында газ саласын дамытуға бағытталған ұлттық ресурстарды пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды.
Тексеру кезінде ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ету, ресурс базасын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, өңірлерді газдандыру, газ тасымалдау инфрақұрылымының жай-күйі және басқа да негізгі бағыттар қамтылды.
Аудиторлар Қазақстанның газ қоры айтарлықтай мол екенін атап өтті. Елдегі газдың жалпы қоры 3,8 трлн текше метрге бағаланады. Ал 2022–2025 жылдары жалпы газ өндіру көлемі 239,5 млрд текше метрді құраған. Алайда ішкі нарыққа арналған тауарлық газ өндірісінің өсімі баяу және халық пен экономиканың артып келе жатқан сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр.
Сонымен қатар ішкі нарықтың газ жеткізушілердің шектеулі тобына тәуелділігі сақталып отыр. Жеткізілетін газдың сапасы да әрдайым белгіленген талаптарға сай емес. Атап айтқанда, сапасы төмен тауарлық газ компрессорлық жабдықтардың тозуын жеделдетеді. Сондай-ақ Ұлттық операторды газды шетелге экспорттау кезінде жеңілдік жасауға мәжбүрлейді.
Аудиторлардың пікірінше, саладағы стратегиялық жоспарлау жүйесі ішкі тұтынудың өсуін, ресурс базасын дамытуды және жаңа газ өңдеу қуаттарын іске қосуды өзара үйлестіре алмай отыр. Бағдарламалық құжаттарда геологиялық барлау жұмыстарын ынталандыру, жерасты газ қоймаларын дамыту, саланы цифрлық тұрғыдан жаңғырту және тәуекелдерді басқару бойынша нақты көрсеткіштер мен шаралар жеткіліксіз. Сондай-ақ Ұлттық оператордың даму стратегиясында саланың жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған мақсаттар көзделмеген. Олардың қатарында солтүстік өңірлерді газдандыруды қаржыландырудың жеткіліксіздігі, ресурс базасын басқарудың тиімді тетіктерінің болмауы және ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының дайын еместігі бар.
Тексеру кезінде Ұлттық оператор кәсіпорындарының 20 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырын және шамамен 77 мың шақырым газ тарату желісін пайдаланатыны анықталды. Алайда инфрақұрылымның едәуір бөлігі бұрын салынған және нормативтік пайдалану мерзімінен асып кеткен. Оларды жаңғырту мен жөндеу жұмыстары қажетті қарқынмен жүргізілмейді.
Сонымен қатар аудиторлар өңірлер арасындағы газбен қамту деңгейіндегі теңгерімсіздікті жою және салынған нысандарды пайдаланушы ұйымдардың қарамағына уақытылы беру мәселесіне бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықты газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жеткен. Табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізген, ал газ тартылған елді мекендер саны 2 240-ты құраған.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша:

— 24,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар;

— сондай-ақ 18,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану кезінде тиімсіздік анықталды.


Тексеру барысында бюджетке 59,4 млн теңге қайтарылды. 20,2 млрд теңге бухгалтерлік есепте қалпына келтірілді.
Жоғары аудиторлық палата аудит нысандарына анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар жолдады. Олардың орындалуы толық аяқталғанға дейін бақылауда болады. Сонымен қатар газ саласын басқару жүйесін жетілдіруге, ресурс базасын нығайтуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

JQ-Aqparat
Сурет:  @auditpalatasy

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар