jasqazaq.kz

Жетісу облысында мүгедектігі бар балалардың ата- аналарына салық төлеткен

07 қараша 2024, 16:25

Жетісу прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларынан жеке табыс салығының заңсыз ұсталғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде 2 млн теңгеден астам қаражат қайтарылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Еліміздің заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жеке табыс салығын төлеуден босатылған.
Алайда Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 346-бабы 1-бөлігінің  3) тармағының талаптарына қайшы келе отырып, аталған азаматтардан негізсіз салық ұстаған.

Атап айтқанда, мүгедек баласы бар білім бөлімінің қызметкерінен 2021 жылдан 2023 жылға дейін 400 мың теңгеден астам қаражат ұсталған.
Тексеру одан өзге 19 ата-ана мен қамқоршыға қатысты осындай құқық бұзушылықтарды анықтады. Барлық заңсыз ұсталған ақша қайтарылып, салық бөлімінің басшысына сөгіс жарияланды.

JQ-Aqparat

02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды