jasqazaq.kz

“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді

18 желтоқсан 2024, 16:00

Бұрынғы АБК тобының мүшесі, композитор Ерлан Көкеев қазіргі қазақ эстрадасындағы жастардың шығармашылығына жоғары баға берді. Әнші Jas Qazaq-қа берген сұхбатында заманауи әндер, олардың мәтіні мен бейнеклиптері жайлы ойымен бөлісті. Ол жастардың батылдығын, музыкалық талғамын және тың дүниелер жасауға деген құштарлығын қолдайтынын жеткізді.

«Бүгінгі күні жастарымыз, әншілеріміз өте мықты, өте тамаша. Техникалық жағынан, музыкалық білімі жағынан шығармашылық бағыттары қатты ұнайды. Ирина Қайратовна болсын, Shiza, Фархат, Садраддин болсын – барлығын сүйіп тыңдаймын.
Бүгінгі заман — өте басқа. Әнмен қоса бейнеклиптері де мағыналы. Сөзі де жақсы. Ал егер сленг сөздерді қолданады десеңіз, ол біздің кезімізде де болды. Уақыты келе ол да өтіп кетеді. Мысалы, “Чувак”, “лабать” – ойнау деген мағынаны білдіреді. Сол секілді өте көп сөздерді жас кезімізде қолдандық,”- дейді әнші.

Ерлан Көкеев жастарға ештеңеден тайсалмай, жаңа туындылар жазуды жалғастыруды ұсынады. Оның ойынша, қазіргі қазақ музыкасы өз аудиториясына лайық, ал жастардың қолданысындағы сленг сөздер уақыт өте келе табиғи түрде өзгеріп, өз орнын табады.
Алайда ән мәтіндерінің сапасына байланысты әртүрлі пікірлер бар. Ақын Асқар Дүйсенбі, мысалы, ән сөздерін сүзгіден өткізетін арнайы орган қажет деген ұсынысын алға тартқан еді. Дегенмен Ерлан Көкеев бұл тұрғыда шығармашылық еркіндікті бірінші орынға қояды.

“Жастар ештеңеге қарамай, тоқтамауы керек. Сөзге және басқасына тиісудің қажеті жоқ. Жазсын, жаңа дүниелерді өмірге әкелсін. Барлығы жақсы болады,»- деді музыкант.

Ерлан Көкеев 1990-жылдары Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманнан құралған “АБК” тобының құрамында өнер көрсетті. Қазіргі таңда ол жас музыканттар мен өнер жолындағы жандарға тәлім берумен айналысады.

Олжас Әбдіхалық

28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ
28 мамыр, 13:57
30 предприятий Туркестанской области приняли участие в выставке «ULTTYQ ÓNIM - 2026»
28 мамыр, 13:52
Туркестан: в Ордабасинском районе откроется завод по переработке костей крупного рогатого скота
26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
26 мамыр, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата