jasqazaq.kz

Жанель Мақажан отбасылық өміріндегі қиындықтары туралы алғаш рет ашық айтты (Видео)

22 қыркүйек, 12:46

Танымал актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі жазбасында бұрынғы жары Абай Асылханға қатысты ренішін білдіріп, отбасының бұзылуына қатысты өз көзқарасын бөлісті.
Актрисаның айтуынша, жұбайы отбасын қорғаудың орнына туыстарының, анасының және айналасындағы адамдардың сөзіне еріп, ажырасуды таңдаған. Ол көпшілік алдында бұрынғы жарының «үлгілі әке, жақсы жар» бейнесінде жүргеніне де қынжылатынын жеткізді.
Жанель Мақажан енесімен арадағы қарым-қатынас, отбасын сақтап қалуға жасаған әрекеттері және сенімнің ақталмауы туралы да жазды. Күйеуінің опасыздық жасағанын да мәлімдеді.
«Ерлі-зайыпты қол ұстасып, бәрін бірге жеңуге дайын болса, отбасын сақтап қалуға болады. Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айтқанын таңдап кетсе, одан не қайыр?»
Актриса бұл айтқандарының басы ғана екенін айтып, алдағы уақытта отбасылық өміріне қатысты өзге де жайттарды бөлісуі мүмкін екенін меңзеді.
Ал бұрынғы жұбайының бұл мәлімдемелерге қатысты пікірі әзірге белгісіз.

Видео: LStories

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті