jasqazaq.kz

Жаңарқада тұрғын үй қабырғасын цементсіз қалаған мердігерге 1,2 млн теңге айыппұл салынды

29 маусым 2022, 12:03

Ұлытау облысына қарасты Жаңарқа ауданында тұрғын үй қабырғасының кірпішін цементсіз қалап жатқан мердігер компания жазаланды. Баспанаға кезекте тұрғандарға берілетін үш қабатты 17 үйдің құрылысы мемлекеттік сараптамадан қайта өткізіледі. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Иә, заң бұзушылықтар анықталды. Үш жолақты цементсіз салған. Сол үшін мердігер мекемеге 400 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Хаттама толтырылды. Сондай-ақ, техникалық бақылау органына да 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, оның аттестатын алты айға тоқтаттық», — дейді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қамзин.

Белгілі болғанындай, Жаңарқа ауданындағы үш қабатты үйлерді «АгроПромРемСтрой» компаниясы салып жатыр. Соңғы қабатын көтеріп үлгермеген жоба үшін ол қазынадан 500 млн теңге алып үлгерген.

Бұған қоса, сапасыз құрылысқа рұқсат берген техникалық бақылаушы орган қызмет көрсеткені үшін 10 млн теңгеге жуық қаржы алған. Енді бұл мекеме алдағы жарты жыл бойы нысандарды қадағалау қызметімен айналыса алмайды.

Ал, аталған 3 қабатты 17 үйдің құрылысы мемлекеттік сараптамадан қайта өткізіледі. Тәртіптік жазаға Жаңарқа аудандық құрылыс бөлімінің басшысы да тартылды.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі