jasqazaq.kz

Жамбыл облысында жүргізушілерден ақша бопсалаған топ ұсталды: ІІМ мен ҰҚК арнайы операция жүргізді

24 қыркүйек, 9:44

23 қыркүйекте Жамбыл облысында ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, аталған өңірдегі шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік автокөлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деп күдіктелген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 тінту іс-шарасы жүргізілді. Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ автомашиналар тәркіленді. Тергеу бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттердің барлық мән-жайлары, оған қатысушылардың әрқайсысының рөлі, сондай-ақ ықтимал қосымша эпизодтар анықталуда. ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтар мен азаматтарға және бизнес өкілдеріне қысым көрсететін адамдардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Құқық қорғау органдарының басты міндеті — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және жасалған қылмыстар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету.

Сурет: ІІМ/видеодан кадр

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық