jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды

30 қазан, 14:50

Жамбыл облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше мал ұрлығы дерегіне қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың осы жылдың шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданының аумағында болған төрт мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екені анықталды. Сол уақытта қоралардан және жайылымдардан жалпы саны 384 бас ұсақ малды қолды болған. Жалпы материалдық шығын 34 млн теңгені құрады.

Тергеу барысында полицейлер заттай дәлелдемелер жинап, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бірнеше рет аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті