jasqazaq.kz

Зейнетақы төлемі: жеке табыс салығын алып тастау керек

21 желтоқсан 2023, 16:30

Әңгіме тағы да БЖЗҚ-дан алған зейнетақы төлеміне салынатын жеке табыс салығы (ЖТС) туралы. Бұл жолы Сенат депутаты Бекболат Орынбеков мәселе көтерді.
Өзінің депутаттық сауалында ол: «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі зейнеткерлер мен Қазақстан халқы үшін әлеуметтік маңызды мәселе саналады. Осы ретте, зейнетақы төлемінен салық түрін ұстап қалу зейнетақы сомасын азайтады, бұл қазіргі нарық жағдайында айтарлықтай маңызды мәселе. Себебі зейнетақы қорынан түсетін төлем – зейнеткер үшін негізгі табыстың бірі. Бұл тұрғыда болашақ зейнеткерлердің әл-ауқатына оң ықпал ету мақсатында барлық зейнетақы жинағын төлеу кезінде ЖТС ұстап қалуды жою туралы мәселені қарау ұсынылады», — дейді.
Осы мәселені екі ай бұрын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев көтерген болатын. Бірақ оның ұсынысы өтпей қалды. Бүгін сол әңгімені қайта қозғаған Сенат депутатының одан хабар бар ма, жоқ па, кім білсін. Бірақ айтып отырғаны дұрыс.
Ресми жұмыс істейтін адамның жалақысынан қазір зейнетақы қорына 10 пайыз аударылатыны белгілі. Одан ЖТС алынбайды. Зейнетақы қорынан шығарылған артық сомаға салық салудың себебі де сол. Ал бірақ зейнет жасына жетіп, ай сайын аударылатын сомадан ешқандай салық алынбайды. Сонда салық төлеуге мәжбүр адам зейнетақы қорына қаржысының көбірек жиналып, белгіленген шектен асқаннан кейін оны алғаны үшін жазықты ма дейсің. 2021 жылы зейнетақы қорынан қомақты болсын-болмасын, өз қаражатын алғандар зейнет жасына жақындаған сайын алаңдай бастайды. Алған қаржының орнын толтырып үлгермейді. Мойнында 10 пайыз ЖТС қамыты тағы бар.

Наргүл Мырзахмет

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі