jasqazaq.kz

Запастағы сержанттар әскери ант қабылдады

31 шiлде 2024, 20:14

Бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының қабырғасында запастағы сержанттар курсын толық бітіріп шыққан студенттер әскери ант қабылдады. Слтанатты шараға әскери кафедраның басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, сонымен қатар студенттердің ата-аналары қатысты.


Сержанттарды дайындау циклін осы жылы бірінші рет 180 студент төмендегі мамандықтар бойынша бітіріп отыр: бөлімше командирі – жауынгерлік машинаның командирі; атқыштар бөлімшесінің командирі; (әскери) барлау бөлімшесінің командирі; (арнайы мақсаттағы) барлау бөлімшесінің командирі.
Әскери ант қабылдау рәсімін ашқан ЕҰУ әскери кафедрасының бастығы, генерал-майор Еділ Оразов болашақ Отан қорғаушыларды осынау маңызды оқиғамен құттықтай отырып, әрдайым әскери антты бұлжытпай орындап, қай салада болмасын абыроймен қызмет етуге шақырды.
Студенттер жеке-жеке әскери ант қабылдап, Қазақстан Республикасы мен өздерінің Конституциялық борыштарына адал болып, нағыз отансүйгіш азамат болуға өз уәделерін берді. Мінбеге шыққан шығып, сөз сөйлеген студенттердің ата-аналары да оларға ақжол тіледі.


Содан соң запастағы сержант бағдарламасы бойынша студенттердің әскери даярлығын аяқтау туралы әскери кафедра бастығының бұйрығы оқылып, оқу барысында ерекше көзге түскен студенттер мен олардың ата-аналарына мақтау грамотасы мен алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімінде түлектер салтанатты шерумен өтіп, «Алға қазақ жігіттері» әнін орындады. Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.


Әскери ант қабылдау рәсімі барысында болашақ сержанттар өздерінің кәсіби өнерлерін паш етіп, жиылған жұрт алдында қарумен және қарусыз қоян-қолтық ұрыс үлгілерін көрсетіп, қошеметке ие болды.

Мәлика Исмағұлова,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар