jasqazaq.kz

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

05 тамыз 2022, 11:28

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

«Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға бір топ жергілікті тұрғындар арасында болған. Қазіргі уақытта күдіктілердің бәрі анықталған, енді оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды