jasqazaq.kz

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

29 қыркүйек, 18:38

Астанада Еуразия ұлттық университетінің Ардагерлер кеңесі мүшелері мен университеттің әскери кафедрасында білім алып жатқан студенттер үшін тағылымы мол кездесу өтті. Басқосуға «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-лейтенант, мемлекет және қоғам қайраткері Абай Бөлекбайұлы Тасболатов қатысты. Кездесу барысында студенттер Дархан Серікбай мен Диас Елеусізов құрметті қонақтың өмір жолына қысқаша шолу жасап, оның әскери саладағы көп жылғы қызметі мен ҚР Парламентіндегі қажырлы еңбегі туралы мәліметтер берді.

Абай Бөлекбайұлы өз сөзінде еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі маңызды міндеттерге тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Қарулы Күштерін нығайту, әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы бастамаларына назар аударды. Әскери кафедрада білім алып жүрген біздер үшін бұл әңгіме айрықша маңызды болды. Өйткені әскери білім алу тек әскери пәндерді меңгерумен шектелмейді. Ол Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге, тәртіпке, төзімділікке және өз ісіңе адал болуға үйретеді.

Генерал-лейтенант Абай Тасболатовтың өмір жолы – осы құндылықтардың нақты үлгісі. Ұзақ жылдар бойы әскери салада қызмет атқарып, кейін мемлекеттік қызметте еңбек еткен тұлғаның тәжірибесі біз үшін үлкен тағылым болды. Оның әңгімесінен елге қызмет етудің жауапкершілігі мен маңызын терең сезіндік.

Кездесу барысында жастардың ел болашағындағы рөліне де ерекше мән берілді. Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Ал әскери кафедрада білім алып жүрген жастар үшін Отан қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарау маңызды. Қазіргі таңда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту тек әскери қызметшілердің ғана емес, ел азаматтарының ортақ міндеті екені сөзсіз. Менің ойымша, осындай кездесулер – ұрпақ сабақтастығын қалыптастыратын маңызды тәрбие алаңы. Себебі ел тарихын жасаған аға буын мен елдің болашағын қалыптастыратын жас ұрпақ арасындағы байланыс – мемлекетіміздің рухани тұтастығының маңызды негіздерінің бірі.

Асылбек Қалибеков, ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам