jasqazaq.kz

Ұлттық қор қаржысы есебінен 347 стратегиялық жоба іске асырылады

17 қыркүйек, 14:25

Келесі жылы отандық экономиканың дамуын ынталандыру мақсатына 1,6 трлн теңге жұмсалады. Алдағы үш жылда Ұлттық қор қаражаты есебінен 347 стратегиялық жобаны іске асыруға 5 трлн теңге бағыттау жоспарланған. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтайда өткен бюджет таныстырылымында айтты.
Вице-министр: «Мемлекеттің басты мақсаты — пайда табу емес, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау және азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. Барлық бюджеттік инвестициялық жобалар басымдықтарына қарай іріктелді», — деді.
Алдағы үш жылда Ұлттық қор қаржысы есебінен 347 стратегиялық жобаны іске асыруға 5 трлн теңге көзделген. Оның 4,4 трлн теңгесі төрт негізгі бағытқа – көлік және логистикаға, әлеуметтік салаға, энергетика мен су ресурстарына бағытталады.
«Бұл – елге қажетті жобалар, перинаталдық орталықтар мен өңірлік ауруханалар, жылу және газ желілері, автомобиль жолдары мен су инфрақұрылымдары. Инвестициялардың маңызы инфрақұрылымды дамытумен ғана шектелмейді. Олар тікелей әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді» , — деді Абзал Бесенбекұлы.
Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 31 мың жұмыс орны ашылады. Оның 25 мыңы – тұрақты жұмыс орындары.
Бюджетке шамамен 3,7 трлн теңге салық түсімі түседі деп күтілуде.

JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу