jasqazaq.kz

Ұлдана Мырзуанның анасы сотталушыға жанашырлық танытып, әділ шешім шығаруды өтінді

24 қыркүйек, 14:54

Бүгін Астанада өтіп жатқан Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында марқұмның анасы сөйледі.

Сәлима Ешанқұлова соттан әділ шешім шығаруды өтініп: «Егер жасалған әрекет бойынша заңда жауапкершілік көзделсе, кінәлі адам заң алдында жауап берсін. Ал егер сотталушы Сәуле Жұбаниязованың әрекетінде қылмыс құрамы болмаса, оны жауапкершіліктен босатуды сұраймын. Сәуле Жұбаниязова – жалғызбасты ана, оның екі баласы бар. Мен де анамын. Тағдырдың жазуымен қызымнан айырылдым. Бірақ оның балаларының анасынан айырылғанын қаламаймын. Сондықтан, құрметті сот, істі жан-жақты қарап, барлық жағдайды таразылап, әділ шешім шығаруыңызды сұраймын», — деді.

Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі Әділет Зейнел де өз сөзінде: «Біз ешкімді айыптап отырған жоқпыз, құрметті сот. Қандай да бір үкім біз жоғалтқан адамды қайтара алмайды. Ұлдананы қайтара алмаймыз, 8 қарашаға да қайта орала алмаймыз. Болған жағдайды ештеңе өзгерте алмайды. Сондықтан шешімді соттың қарауына қалдырамыз. Сіздер дұрыс шешім қабылдайды деп сенеміз. Бұл шешім үй салатын адамдар мен кәсіпкерлерге өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, оны сапалы атқарудың маңызын көрсетсе екен дейміз», — деді.

Ал прокурор жарыссөзде 2 жыл бас бостандығынан шектеуді сұрады. 

JQ-Aqparat

Фото — Ulysmedia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі