jasqazaq.kz

Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб 300-ден аса жоба бойынша инвесторлардың өзекті мәселелерін шешті

16 қыркүйек, 9:56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет инвесторларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіріп, әкімшілік кедергілерді азайтып, инвестициялық келісімдерді қолдану аясын кеңейтіп келеді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, штаб еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеді.
Соңғы үш жылда Инвестициялық штабтың 69 отырысы өткізілді. Жалпы құны $154 млрд-тан асатын 309 жобаны жүзеге асыру мәселелері қаралды. Шикізатты терең өңдеуге, өндірісті жергіліктендіруге, қосымша құны жоғары өнім шығаруға, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын ашуды көздейтін жобаларға басымдық беріледі.
Өткен жылы 41 инвестициялық келісім жасалды.
Олардың жалпы құны $29,8 млрд-ты құрады. Ал бір жыл бұрын $2,2 млрд-қа 6 келісім жасалған болатын. 2026 жылдың басынан бері шамамен $11 млрд-қа тағы 25 келісім жасалды.

Жобалардың қатарында:

Балқашта құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауыты салынып жатыр.
Qazaq Smelter жобасы жылына 300 мың тонна катодты мыс өндіруді және 1,5 млн тоннаға дейін мыс концентратын өңдеуді көздейді. Шамамен 1,6 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Құрық портында құны $287,6 млн болатын терминал жобасы жүзеге асырылуда.
Көпфункционалды терминалдың қуаты 15 млн тоннаны құрайды, шамамен 500 жұмыс орны ашылады. Жоба Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін арттырып, еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуы тиіс.
Атырау облысында құны шамамен $100 млн болатын аммиак және аммоний нитратын өндіретін зауыт жобасы жүзеге асырылуда. Түркістан облысында құны 115 млрд теңге болатын алюминиді толық циклмен өңдейтін зауыт салынып жатыр. Онда 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Инвестициялық саясат капитал тартудан жобаларды өндіріс іске қосылғанға дейін кешенді сүйемелдеуге көшуде. Негізгі басымдық – шикізатты терең өңдеу, өндірісті жергіліктендіру, жұмыс орындарын ашу және қосылған құны жоғары өнім шығару.
JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды