jasqazaq.kz

ҰҚШҰ — мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғайтын бірегей механизм

28 қараша 2024, 15:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысып, сөз сөйледі.
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, сессия отырысына Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құрылымдардың біріне айналғанын атап өтті.

«ҰҚШҰ қазіргі сын-қатерлер жағдайында ұйымға мүше барлық елдер үшін қауіпсіздік кепілі ретінде өзінің қажет екенін көрсетіп отыр. Біздің үйлесімді әрекеттеріміз, өзара сенім мен қолдауымыз ең қиын әрі ауқымды міндеттерді шешу жолындағы ұжымдық қабілетімізді нығайтады. ҰҚШҰ – жай ғана әскери серіктестік емес, мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатындағы күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм екенін атап өткен ләзім», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның ҰҚШҰ төрағасы ретінде ұйымға мүше елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтуға, дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсағанын айтты.

Сондай-ақ терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымы секілді қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Ұйым мүмкіндіктерін жетілдіруге баса мән берді.

«Ұйымның жарғылық органдарының отырыстары, әскери оқу-жаттығу жиындары және профилактикалық операциялар жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Сыртқы істер және қорғаныс министрлері ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарастырды. Қауіпсіздік кеңесі хатшылары мен парламент спикерлерінің деңгейінде кездесулер өтті. Ұйымның қосымша және жұмыс органдарының кеңестері өткізілді. ҰҚШҰ қызметінің түрлі бағыттары бойынша консультациялар жасалды. Сессияаралық кезеңде бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Олар халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс саласындағы ықпалдастық, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты дайындық жұмыстарына айрықша мән берілді. Бүгін бізге Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің тиісті мәлімдемесі ұсынылады. Жалпы Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығы кезінде қойылған міндеттердің бәрі орындалды. Біз белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруға қолдау көрсеткендеріңіз және бірлесе нәтижелі жұмыс атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын», – деді Мемлекет басшысы.

Жиында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен бірге Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы қорытындыланды және алдағы кезеңнің жоспары нақтыланды.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.resmi

21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі
20 мамыр, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
20 мамыр, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
20 мамыр, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность
20 мамыр, 13:59
Туркестан: Теплицы обеспечивают 45% потребности страны в межсезонный период