
11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі “Самұрық-Қазына” АҚ және “ҚТЖ ҰК” АҚ Басқарма басшылары Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевті, сондай-ақ, бірқатар лауазымды тұлғаларды жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК хабарлағандай, қазір істің мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы бір тұрғын үй кешені ауласында АҚШ долларына ұқсас купюралардың шашылып жатқаны бейнеленген видео тараған болатын.
Сурет: SK.kz
JQ-Aqparat