jasqazaq.kz

ҰҚК Атырауда конституциялық құрылым негіздерін күшпен өзгертуді көздеген 10 күдіктіні ұстады

Бүгін, 13:13

30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыруға күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

Сурет: ҰҚК

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу