jasqazaq.kz

Үй сатып алу бағдарламаларын ұсынып, тұрғындардан ақша жинаған: Алматыда «R.O.I.» қаржы пирамидасының схемасы әшкереленді

Бүгін, 12:30

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтыну кооперативі атын жамылып жұмыс істеген «R.O.I.» қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазір 275 азамат жәбірленуші деп танылды. Оларға келтірілген жалпы шығын 217 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға шақырған. Ол үшін үлестік жарна жинақтау шарттары жасалып, тұрғындардан ақша жиналған.

Алайда жаңа қатысушылардан түскен қаражат әрбір салымшыға төлем жасауға мүмкіндік беретін нақты кәсіпкерлік қызметке емес, кооперативке бұрын қосылған мүшелер алдындағы міндеттемелерді өтеуге жұмсалған.

Тергеу барысында ұйымдастырушылар кеңес беру қызметінің ақысы деген желеумен кооперативтен 94 млн теңгені өздерімен байланысы бар тұлғалардың, соның ішінде «Кәусар» жеке кәсіпкерлігінің есепшоттарына аударғаны анықталды.

2022 жылы сот даулары басталғаннан кейін Алматыда «ShynSaulet», «Berekeli Shanyrak», «Aya-Aru», «Jasmin», «USCoop» және «Baiterek» атты алты жаңа тұтыну кооперативі құрылған.

Бұл ұйымдар «R.O.I.» тұтыну кооперативі басшысының бақылауында болған. Олар жеке сот орындаушылары бұғаттаған негізгі кооперативтің банк шоттарын айналып өтіп, түскен ақшаны басқа шоттарға бағыттау үшін пайдаланылған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам екі айға қамауға алынды. Соттың рұқсатымен үш автокөлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова