Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары

01 тамыз, 11:27

«Қауіпсіз қоғам» тұжырымдамасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының негізінде әзірленген құжат. Тұжырымдаманың негізгі мақсатының бірі – қауіпсіз қоғам құру. Тұжырымдама аясында мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктердің мақсаты қоғамның қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті күшейтіп, азаматтар мен билік арасына көпір орнатып, ел ішінің тыныштығын нығайту.

Қазір жаз мезгілі, суға шомылу маусымы қызып тұр. Түркістан облысы Полиция департаменті суға түсу кезіндегі ережені қатаң сақтау да қоғам қауіпсіздігінің кепілі екенін жұрт есіне салып келеді. Жақында «Балалардың жазғы демалысы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» арнайы брифинг өткізіп, өңірдегі ахуалды талқылады. Оңтүстік облыстың Полиция департаменті жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқығын қорғауды қашанда өз міндеті санайды. Сөзімізге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және жауапкершілік» атауымен өткізген жедел профилактикалық іс-шаралары дәлел. Биылғы жылдың қаңтар айынан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 198 кәмелетке толмаған және тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4 358 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында қыдыруына жол бергені үшін 104 мекеме иесіне Әкімшілік кодекстің 132-бабымен хаттама толтырылды. 2 Құқық бұзушылыққа бейім 427 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 268 қолайсыз отбасы полицияның есебіне алынды.
Жүйелі жүргізілген жұмыс нәтижесінде жасөспірімдердің араласуымен орын алған қылмыс саны 11,6 пайызға төмендеген (69-дан 61-ге). Кәмелетке толмағандар арасында ең көп кездесетін, негізінен ұрлық қылмыстары болуда. Ол қылмыстардың жалпы 51 пайызына жетіп отыр.

Түркістан облысы Полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бегімхан Ахметов жасөспірімдердің қылмыс жасауына итермелейтін бірден бір себеп әлеуметтік теңсіздік, өзінің арасындағы басқа балаларға еліктеп, қымбат ұялы телефон немесе сәнді киім алуға және тағы да басқаға ұмтылуы екенін алға тартады. Ата-анасы бұл заттарды алып бере алмағандықтан, олар әлгіндей қылмыстарға барады. Қылмыстардың 67 пайызы (39 дерегі) түнгі уақыттарда орын алған. Талдау көрсеткендей, қылмысқа барғандардың басым бөлігі мектеп оқушылары.

«Жазғы демалыс кезінде балалардың қайда жүргенін қадағалап, түнгі уақытта сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін, өз беттерінше үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу керек. Себебі, мұндай беймезгіл уақытта балаларыңыз қылмыс жасауы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін. Егер де, балалар ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерінсіз шектеу қойылған түнгі уақытта жүргені анықталса, Әкімшілік кодексінің 442-бабымен жауапкершілік қаралатынын ескертеміз», дейді Бегімхан Ахметов.
Одан бөлек, оқушылар жазғы сауықтыру лагерьлері мен түрлі экскурсияларға да жиі шығады. «Облысымызда жалпы 32 жазғы лагерлері қызмет көрсетуде (оның ішінде: 9 – мемлекеттік, 23 – жекеменшік). Олардың барлығына полиция қызметкерлері бекітіліп, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында лагерь аумағына келіп бақылау жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар мен облыстық Білім басқармасына, жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін біз мынадай ұсыныстарды жолдадық: түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге тарту; құқықтық сауаттылығын арттыру және жол қозғалысы қағидаларын түсіндіру. Сонымен қатар, шомылу кезінде суда қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында, сақтық шараларын қабылдауға шақырамын. Осы мақсатта, полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың есіне салады. Егер де, тыйым салынған жерлерде шомылу деректері анықталған жағдайда, Әкімшілік кодексінің 364-бабымен жауапкершілікке тартылатын ескертеміз (181 дерегі анықталған). Жасөспірімдерді тасымалдайтын автобустарға міндетті түрде патрульдік полицияның арнайы автокөліктерімен ілесіп жүру жүзеге асырылу қажет. Демалыс маусымы басталғаннан бері полициямен 156 ілесіп жүру жүзеге асырылды. Балаларды полициясыз тасымалдауға тыйым салынады» деді Жергілікті полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бегімхан Ахметов. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті. Ендеше, балалардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігін толық сақтау үшін, бірігіп шаралар қабылдауды әркім қаперге алуы тиіс екенін ескертті.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бері Түркістан облысында суға кетіп қайтыс болғандар саны артып отыр. Әсіресе суға түсемін деп мерт болғандардың басым көпшілігі кәмелет жасына толмаған балалар. Қайғылы оқиға көбінесе ағысы қатты каналдарда орын алады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Төреқұлов 2023 жылы Түркістан магистраль-каналына адамдардың құлап кетпеуі үшін бірнеше баспалдақ, оның қасына құтқару арқаны байланғанын жұртшылықтың қаперіне салған болатын. Жасөспірімдердің басым көпшілігі шомылуға тыйым салынған, қауіпті аймаққа барып, ережені сақтамағандықтан да қайғылы жағдайға тап болып жатады. Шомылатын су арнасы жоқ ауылдық жердің тұрғындары үшін жергілікті әкімдік қомақты қаржы бөліп, модульді-каркасты бассейін орнатқан болатын. Бірнеше ауылға орнатылған бассейнде суға түсу қауіпсіз. Жаз маусымында балалардың қауіпсіздігі әсіресе суға шомылуға баратын жеткіншектердің бас амандығы облыс басшысының да жіті назарында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, шомылуға рұқсат етілмейтін суға түсуге болмайтынын тұрғындарға түсіндіру жұмысын белсенді жүзеге асыруды тапсырған еді. Тіпті көпшілік шомылатын орындардың арнайы картасын әзірлеп қауіпсіздікті нығайтуды жүктеді.

Қуаныш Көшек

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген